Бүгін - Қайрат Байбосыновтың туған күні
Бүгін - әнші, Қазақстанның халық әртісі, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Қайрат Байбосыновтың туған күні, деп хабарлайды «24KZ».
1950 жылы Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданында туған. Алматы эстрада-цирк студиясын бітірген.
1969-1988 жылдары «Гүлдер» ансамблінің әншісі әрі Алматы эстрада-цирк студиясының оқытушысы, 1988-1999 жылдары Алматы консерваториясының аға оқытушысы, доценті, кафедра меңгерушісі, Республикалық эстрада-цирк колледжінің директоры болған.
Құрманғазы атындағы консерваторияның профессоры. Халық арасында ұмытылып бара жатқан, сирек орындалатын әндерді таратуда елеулі еңбек етті. Концерттік сапармен АҚШ, Жапония, Германия, Франция, Испания, Италия, Бирма, Сингапур, т. б. елдерде болып, ұлттық өнерімізді шетел тыңдаушыларына танытты.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз