Димаш Құдайберген Алтайдағы этномәдени фестивальдің хедлайнері болады

Фото: depositphotos.com

10–12 шілде аралығында Алтайда «Алтай - түркі әлемінің алтын бесігі» атты ауқымды фестиваль өтеді, деп хабарлайды «24KZ».

Фестивальдің хедлайнері ретінде 11 шілде күні Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген өнер көрсетеді.

Тарихи мазмұн, көркем табиғат, ұлттық рух пен заманауи мәдениетті ұштастырған бұл ерекше мереке аясында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады:

айтыс – екі ақынның суырыпсалма өнер сайысы, халықтық ауыз әдебиетінің поэзия жанры;

поэзия;

аламан бәйге – қазақтың дәстүрлі ат спорты жарысы, ойлы-қырлы жерлермен өтетін ұзақ және өте ұзақ қашықтықтағы ат жарысы;

ұлттық спорт түрлерінен жарыстар;

қолөнер және этномәдени іс-шаралар;

жұлдыздардың қатысуымен өтетін ауқымды гала-концерт.

Катонқарағай ауылы, Катонқарағай ауданы, Шығыс Қазақстан облысы (тарихи Алтай аумағында).

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз