Шәріп Бейсембаевтың туғанына 100 жыл толды

Биыл қазақ кино өнерінің аңызы – режиссер Шәріп Бейсембаевтың туғанына 100 жыл толды. 

Ол еліміздегі кино саласының дамуына елеулі үлес қосты. 1959 жылы кино саласына аяқ басқан режиссер «Бұл біздің ұлымыз» атты тырнақалды туындысын түсіреді. Бұдан бөлек, «Шатқалдағы шекара», «Мен сіздің туысыңызбын», «Біз төртеуміз» сияқты 10-нан аса туындысы көрерменнің көзайымына айналды. Қазақ киносының алтын қорына енген бірқатар классикалық шығармалары да бар. Кинорежиссерді халық «Гауһартас» фильмінен кейін тани бастады. Бүгін Алматыда Шәріп Бейсембаевты еске алу рәсімі өтті. Жиынға кинорежиссердің жақындары, әріптестері мен шәкірттері қатысты.

Нұрлыбай Есімғалиев, актер:

- Бұл кісі шынында да қазақ киносында өшпес із қалдырған тұлға. Қазақ киносының майталман режиссері еді. 1982 жылы түсірілген «Мен сіздің туысыңызбын» фильміне шақырылып, сонда ойнадым. Ағаның сол еңбегі менің өмірімде де үлкен із қалдырды. Рақметім шексіз.