Астаналық оқушылар домбыра күніне орай челлендж бастады
Ұстаздарымен біріккен балалар ұлттық аспапта күй орындап, төл өнерді ұлықтауға үлес қосты.
Челленджге қатысушылар бұл көріністі әлеуметтік желіде жариялап, эстафетаны өзге өңір тұрғындарына жолдады. Мұндағы мақсат – күй өнерін насихаттау. Сондай-ақ өскелең ұрпақтың домбыраға қызығушылығын арттыру.