XIX ғасырда шоколад шығарған қазақтар туралы көркем фильм түсіріліп жатыр

Баймұхамбет Қосшығұлов пен ұлы Құрманғали Қазақ даласында шоколад фабрикасын ашып, өнімдерін Еуропаға дейін экспорттаған. Кәсіпкерлер Ақмолада өмір сүрген. Бірақ түсірілім орны ретінде Батыс Қазақстан облысы таңдалыпты. "Өйткені өңірде тарихи сәулет ескерткіштері қаз-қалпында сақталған", - дейді фильм авторлары.

Әуелі Хан Ордасы ауылында жұмыс істеген шығармашылық топ енді облыс орталығы Орал қаласына келді. «Қосшығұловтар. Шоколад фабрикасы» атты тарихи драманың премьерасы келер жылдың наурыз айына жоспарланған. Жоба Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысымен және “Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының” қолдауымен жүзеге асып жатыр.  

Сұлтан Срайыл, фильмнің бас продюсері:

- Бізде ақындар туралы, батырлар туралы, хандар туралы,өнер адамдары туралы көптеген тарихи драмалар көрермен көңіліне жол тартқан. Бірақ бізде кәсіппен айнаылсқан, нағыз технократтық бастауды әруақытта жасырып келді. Қазақтар көбіне мал бақты деген жаңсақ ұғым болды. Біз ғасырдың басында мықты технократтарды көрсеткіміз келеді. Осындай жанұяның тарихы туралы халық білуі керек, ол жастарға мотивация беруі керек.