Фонограммамен ән айқандар 432 мың теңге айыппұл арқалайды
Қазақстанда концерт кезінде фонограмманы пайдалануға қатысты жаңа талаптар күшіне енді, деп хабарлайды 24KZ.
Биыл 19 маусымда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойған.
Жаңа талаптарға сәйкес, концерттік және мәдени-бұқаралық іс-шаралар кезінде әншілер мен шығармашылық ұжымдардың вокалды фонограмманы пайдалануына шектеу қойылды.
Ережені бұзған жеке тұлғаларға 100 АЕК, ал заңды тұлғаларға 150 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.
Телевизиялық жазбаларды және концерттік ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізуге арнайы бейімделмеген және арналмаған өзге де орындарды қоспағанда, концерттік ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу кезінде ұйымдастырушылардың, шығармашылық ұжымдар мен орындаушылардың дауыс (вокалды) фонограммаларын пайдалануы – жеке тұлғаларға – 100, заңды тұлғаларға 150 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді, – делінген заңда.
Егер осы құқық бұзушылық әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталанса, жеке тұлғаларға 150 АЕК, ал заңды тұлғаларға 200 АЕК көлемінде айыппұл қарастырылған.
Бұл талап телевизиялық түсірілімдерге, сондай-ақ концерт өткізуге арнайы арналмаған немесе бейімделмеген орындарда өтетін іс-шараларға қолданылмайды.