«Абай», «Ақбала», «Корсар»: Қазақстан театрларында жаңа маусым басталады
«Астана Балет», «Астана Опера» және Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында жақында жаңа маусым басталады, деп хабарлайды «24KZ».
Биыл көрерменге ұлттық репертуардағы туындылар, гастроль аясындағы қойылымдар және қазақ әдебиетінің классикасы негізінде сахналанған балет премьерасы ұсынылады.
Жаңа маусымды алғаш болып «Астана Балет» театры бастайды. 28 және 29 тамызда театр сахнасында Корей ұлттық балеті Адольф Аданның музыкасына қойылған «Корсар» спектаклін ұсынады. Алдағы маусымда жаңа екі актілі балет сахналанып, симфониялық концерттер мен шығармашылық жобалар өтеді.
«Астана Опера» XIV маусымын 4 және 5 қыркүйекте Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің «Абай» операсымен ашады. Маусым барысында бірнеше премьера, соның ішінде «Чарли и Ирэн», «Томирис» балеттері және балаларға арналған «Арман» музыкалық спектаклі ұсынылады.
Ал Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры 93-маусымын 12 және 13 қыркүйекте «Ақбала» ұлттық балетінің премьерасымен ашады. Қойылым Әбдіжәміл Нұрпейісовтің «Қан мен тер» трилогиясының желісі бойынша сахналанған. Шығарма алғаш рет балет жанры арқылы ұсынылмақ.
Жаңа театр маусымында көрермендерге ұлттық өнер мен классикалық шығармалар негізіндегі бірқатар жаңа қойылым ұсынылады.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз