Алматыда жас суретшілер бір алаңға жиналды

Алматыда мың оқушы ашық аспан астында қаланың тарихи және көрнекті жерлерін қағаз бетіне түсірді. Ескі көшелердің жайлылығын, алма бақтарының әсемдігін және Алматының болашағын қалай елестететінін қиялымен суреттеді.

Ұлы Жібек жолының аңыздарын жаңғыртып, Алтын адамның құпияларын бейнеледі. Бұл ауқымды арт-флешмоб – КИнЭС рекордтар кітабына еліміздің тарихындағы ең ауқымды балалар пленэрі ретінде ресми түрде тіркелуге үміткер. Мерекелік кеште шығармашылық ұжымдар өнер көрсетті. Концерт Алматы қаласының күніне орай ұйымдастырылды.

Арсылан Серікбай, оқушы:

- Алматының әдемі таулары маған ұнайды. Мен бүгін Көктөбені саламын. Менің сурет салу үйірмесіне барып жүргеніме 2 жыл болды. Маған сурет салу ұнайды. Мен өскенде суретші болғым келеді. Қала тұрғындарын Алматы күнімен құттықтаймын.

Әсия Мәлімова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері:

- Әр жерде ұйымдар бар, үйірмелер бар. Сол үйірмелерден келіп отырған балалар. Бұл жерде бүкіл Алматының мектептері, инновациялық орталықтардың балалары бар. 

Сондай-ақ оқыңыз: