Халық әртісі Майгүл Қазтұрғанованың жеке заттары музейге табысталды

Өмірі өнеге, есімі мәңгі. Алматыдағы Ұлттық орталық музейде  Қазақстанның Халық әртісі, ұлттық өнердің шоқжұлдызы Майгүл Қазтұрғанованы еске шарасы өтті.

Майгүл Ибрагимқызы қазақтың дәстүрлі ән өнерін өркендетуге үлес қосқан қайталанбас дауыс иесі еді. Ол өнер жолын  Нұрғиса Тілендиев жетекшілік еткен «Отырар сазы» фольклорлық-этнографиялық оркестрінде бастаған. Кейіннен оның орындауындағы шығармалар  қазақ музыка мәдениетінің алтын қорына қосылды. Шара барысында Майгүл Қазтұрғанованың қызы отбасында сақталған жәдігерлерді  Ұлттық орталық музейінің қорына табыстады. Жиналғандар дарын иесінің өмір бойы қазақ өнерін дамытуға адал қызмет еткенін атап өтті. Оған қоса, әншінің шығармашылық жолы, орындаушылық шеберлігі туралы естеліктер айтылды. Майгүл Қазтұрғанова былтыр осы мезгілде дүниеден озған. 

Сандуғаш Есенова, М. Қазтұрғанованың қызы:

- Бүгін мен осы музейге мамамның екі костюмін табыстап отырмын. Ол – екі костюм. Солардың ішінде бір костюм өте маңызды деп ойлаймын, өйткені ол костюмді анам Нұрғиса Тілендиевтің камзолынан тіккізген. Сол костюмде екі үлкен тұлғаның естелігі сақталды. Костюмдерді сақтап келесі ұрпақтарға көрсетіп, анамның өнерін, костюмдерін, құжаттарын, кейбір бұйымдарын келе ұрпақтарға жете берсе деп ойлаймын. 

Сондай-ақ оқыңыз: