Қазақстанда жасалған. Болат панельді радиаторлар өндірісі

Осыдан 20-30 жыл бұрын әр үйдегі жылу құралдарының тек шойыннан жасалған үлгілері болды. 1963 жылы Қарағанды қаласындағы «Теплоприбор» зауыты да осындай өнім шығарды. Ал қайта құру кезеңінде өз жұмысын тоқтатқан өндіріс ошағы 2008 жылы жылыту радиаторларын өндіру дәстүрін қолға алды. Бірақ ондағы өнім енді шойыннан емес, болат панельдерден жасалды. Заманауи технологиялармен жабдықталған зауыт жұмысы бүгінгі шығарылымда.