EXPO 2017: Ауғанстанның ұлттық күні

EXPO 2017: Ауғанстанның ұлттық күні

EXPO төрінде бүгін Ауғанстанның ұлттық күні және осы күні аталмыш Ислам елінің тәуелсіздік күні де мерекеленуде.

Атқарушы билігінің басшысы Абдолла Абдолла бастаған делегеция Ұлы Жібек жолы плазасына келіп, осы Ауғанстан павильонын аралап, көріп шықты.

Ресми шара әдеттегідей екі елдің әнұрандарының орындалып, Мемлекеттік туларының көтерулерімен басталды.

Ал концерттік бағдарламасында «ANIM» Ауғанстанның ұлттық музыкалық аспаптар ұжымы өнерлерін паш етті.

Жалпы Ауғанстанның Қазақстанмен ынтымақтастығы жайлы айтар болсақ, қос мемлекеттің байланысы 1992 жылы басталды және бүгінде өте жақсы дамып келеді. Өткен жылғы есепті алатын болсақ екі елдің арасындағы сауда-саттық айналымы шамамен 500 млн АҚШ долларын құраған.

Бұл ел 1919 жылы 19 тамыздан Құрама патшалығынан тәуелсіздік алған. Сәйкесінше осы тәуелсіздік жылдарында баламалы энергетика, яғни қуат көздерін өндіруде алдыңға қатарға шығуға мүмкіндігі бола тұра ел ішіндегі саяси кикілжіңдерге байланысты бәсеңдеп қалды. Десе де Ауғанстанның EXPO 2017 халықаралық көрмесіне қатысуының өзі үлкен жетістік деп бағалауға болады.

Аталмыш мемлекет Таяу Шығыста орналасқан. Солтүстігінде Өзбекстан, Түрікменстан, шығысында Тәжікстан, оңтүстігінде Пәкістан және батысында Иран Ислам Республикасымен шектеседі.