Өңір тынысы. Нәзік жанды мемлекеттік қызметшілер

Еліміздің тарихында басты кейіпкер нәзік жандылар болған оқиғалар жетерлік. Қазіргі таңда әйел затының көлік жүргізіп, шағын және орта бизнесті былай қойғанда, құрылыс, ауыр өнеркәсіп сияқты салалардың жұмысын ұршықтай иіріп жүргеніне қоғам бұрынғыдай таңырқай қарамайтын болды. Ал еліміздің саяси өміріндегі әйел адамның рөлі қандай? Бағдарламамыздың бүгінгі саны нәзік жанды мемлекеттік қызметшілерге арналады.