Еркебұлан Дайыров Азияның үздік актері атанды

Кино және театр актері Еркебұлан Дайыров Азияның үздік актері атанды.

Отандасымызға бұл мәртебелі марапат Канн фестивалінің қорытындысы бойынша табысталды.

Еркебұлан Дайыров – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Көптеген кино туындыларға түсті. "Қазақ хандығы" тарихи кино дастанында Жәнібек ханның рөлін сомдады. Бауыржан Момышұлы туралы фильмде де басты рөлде ойнаған.