Дубайда XV халықаралық өнер жәрмеңкесі басталды

Дубайда XV халықаралық өнер жәрмеңкесі басталды

Дубайда XV халықаралық заманауи өнер жәрмеңкесі басталды.

Шараға әлемнің 40 елінен келген 100-ден астам галерея қатысып жатыр. Арасында танымалдармен қатар жергілікті өнер алаңдары да бар. Қатысушылардың саны 400-ден асады, олардың бірқатары суреттерін көрмеге алғаш рет қойып отыр.

Ұйымадстырушылардың айтуынша, жәрмеңкеде Таяу Шығыс, Африка, Латын Америкасы, Кариб бассейні және Тынық мұхиты елдерінен келген шеберлердің жұмысына ерекше көңіл бөлінеді. Көрмеде модернизм бағытындағы көркемөнер туындылары қойылған.

Бенедетта Гионе, ART DUBAI көрмесінің ұйымдастырушысы:

- Аса танылмаған өнер туындыларын әлемге көрсету біз үшін үлкен жауапкершілік. Бұл көрме заманауи өнер саласы үшін аса мыңызды шара. Біздің мақсатымыз – модернизмге бағытталған жас суретшілердің атын халықаралық деңгейге таныту.