Шымкентте Мұхтар Әуезовке арналған туындының тұсауы кесілді

Шымкентте Мұхтар Әуезовке арналған туындының тұсауы кесілді

«Әуезов оқулары» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында тұсауы кесілген кітапта жазушының оңтүстікке жасаған сапарындағы еңбектері мен шығармалары, хаттары мен аудармалары жинақталған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кітап көрмесін тамашалаған зиялы қауым өкілдері айрықша ықыласын білдірді. Мұхтар Әуезов атындағы университетте өткен шара ұлт тұлғасының 125 жылдығына арналды. Жиынға еліміздің жоғары оқу орындары мен шет мемлекет өкілдері, ғылыми-зерттеу институттарының профессорлары, оқытушылар мен ғалымдар қатысты. 2002 жылдан бері дәстүрлі жалғасын тауып келе жатқан шара аясында «Ғылым, бизнес және үкімет» тақырыбында пікірсайыс алаңы ұйымдастырылмақ. Одан кейін «Қазіргі заманғы проблемалар мен тәуекелдер және болашақтың модельдері» атты дөңгелек үстел өтеді.

Ақжол Қалшабек, «Мұхтартану» ғылыми орталығының аға ғылыми қызметкері:

Әуезовтың қыры көп. Оның шығармашылық кезеңдері көп. Соның ішінде Оңтүстікке қатысын ашуға тырыстық және сол мақсатымызға жеттік қой деп ойлаймыз. Сондықтан да көзіміз жететін тағы бір нәрсе Әуезовтың шығармашылығын зерттеп біткен сияқты болып көрінеді. Бірақ ол кезінде ғалымдар айтқандай; «Әуезовол мұхит». Оны қазсаң шыға береді. Яғни таусылмайтын тұлғалар екеніне көзіміз анық жетіп отыр.