Египет астанасында Әбсаттар Дербісәлі мен Әбу Насыр әл-Фарабидің еңбектеріне арналған конференция өтті. Іс-шара "Каир халықаралық кітап жәрмеңкесінің" алаңында ұйымдастырылды. Мұнда екі елдің делегациялары қатысып, баяндама оқыды. Қазақстан Елшісі қос тұлғаның бай мұрасын сақтаудағы мемлекеттік саясат пен Қазақстан - Мысыр қатынасының негізгі бағыттары жайлы айтты. Сондай-ақ, отырыста араб және мұсылман әлемімен гуманитарлық ынтымақтастық мәселесі де талқыланды.