Елордалықтар Ұлттық әскери-патриоттық орталығының концертін тамашалады

Елордалықтар Ұлттық әскери-патриоттық орталығының концертін тамашалады

Отан қорғаушы күні қарсаңында елордада «Қуатты Армия, Қуатты Қазақстан!» атты мерекелік концерті өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ерке Есілдің бойында Қарулы күштердің ұлттық әскери-патриоттық орталығының оркестрі егеменді еліміздің тарихынан сыр шертетін шығармаларды орындалды.

Ашық аспан астындағы кешке «Жас сарбаз» балалар студиясының шығармашылық ұжымы қатысып бар өнерін ортаға салды. Концерт барысында театр артистері де  қала тұрғындары мен қонақтарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Дәурен Төлеубаев ҚР Қарулы күштері ҰӘПО орталық ансамблі вокал тобының көркемдік жетекшісі:

– Барлық қазақстандықтарды қаламыздың тұрғындарын, бүгінгі 7 мамыр Отан қорғаушы күнімен және ҚР Қарулы күштерінің 30 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтағым келеді. Еліміз әрқашан тыныш, жұртымыз аман болсын! Бейбіт өмір мәңгі болсын бізде.