Абай және Шыңғыс Айтматов атындағы медаль иегерлері анықталды

Абай және Шыңғыс Айтматов атындағы медаль иегерлері анықталды

Бұл түркі мәдениетінің дамуы мен ілгерлеуіне үлес қосқандарға берілетін сыйлық.

Жеңімпаздар арасында Бауыржан Қарағызұлы, Айгүл Кемелбаева, Жолтай Жұман сынды өнер иелері бар. Шараға Түрксой халықаралық Түркі мәдениеті ұйымының Бас хатшысы Сұлтан Раев пен Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі қатысты. Бүгінде ұйымға 14 мемлекет мүше.

Сұлтан Раев, Түріксой халықаралық түркі мәдениеті ұйымының бас хатшысы:

- Түркістан түрік мәдениетінің рухани мекені. Біз қазіргі таңда түркі мәлениетін жандыру бағыттары бойынша жұмыс жасаудамыз. Екі жылдық пандемия байланысты біраз жобаларымыз тоқтатылды. Ал қазір Түркі қауымдастығындағы ең ірі жобаларды түркі мәдениетінің ордасыТүркістан қаласында өткізу жоспарлануда.