Президент: Әйгілі композитор мен атақты ақынның достығы барша жұртқа үлгі

Ақорда

Құрылтай жағымды жаңалықпен аяқталды. Мұхтар Шаханов «Қазақстанның Еңбек Ері» атанды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дәл осындай атақты кеше Қасым-Жомарт Тоқаев даңқты композитор, сазгер Шәмші Қалдаяқовқа берген еді. «Шәмшіні халқымыз «қазақ вальсінің королі» деп қадірлейді. Оның ақын Мұхтар Шахановпен бірлесіп жазған әндері елге кеңінен танымал. Әйгілі композитор мен атақты ақынның достығы – барша жұртқа үлгі» деді Президент. 

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Жақында Шәмші Қалдаяқовтың іні-досы Мұхтар Шаханов 80 жасқа толады. Оның шығармашылық еңбегі қандай құрметке де лайық.