Қостанайдан Ахмет Байтұрсынұлын зерттеу үшін экспедиция жолға шықты

Қостанайдан Ахмет Байтұрсынұлын зерттеу үшін экспедиция жолға шықты

Бұл жолы зерттеуші топ Меңдіқара ауданына бағыт алды. Бір кездері ұлы ұстаз осы аудан аумағындағы Орынбаев мектебінде мұғалім болып қызмет атқарған, деп хабарлайды «Хабар 24».

 Дереккөздеріне қарағанда ол мектеп Қостанай уезі, Меңдіқара болысы, № 4-ші ауылда орналасқан. Бұл қазіргі Қаратал ауылынан жеті шақырым қашықтағы Ұялысай деген жерде болуы мүмкін. Бірақ білім ошағының қашан ашылғандығы туралы нақты мағлұмат жоқ. Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылған ғылыми-танымдық экспедициясының мақсаты ұлы ағартушының көпке беймәлім өмірбаянының осы бір бөлігін толықтыру.

Алмас Әбсадық, экспедиция жетекшісі

- Экспедицияның қорытындысын  Ыбырай Алтынсарин атындағы мектепте шығарғалы отырмыз. Себебі кезінде осы мектептің қабырғасында Қостанай педагогикалық сыныбы жұмыс жасаған.  Аталмыш сыныпта Ахмет Байтұрсынұлы қазақ тілінен сабақ берген еді. Мінеки экспедицияны ұйымдастыра отырып, біз қоғамды, жұртшылықты Ахмет Байтұрсыновтың Қостанай кезеңіне назар аудартқымыз келеді.