Прагада қазақ киносының күндері өтіп жатыр

Прагада Қазақ киносының күндері өтіп жатыр. Көрермен наразына екі отандық туынды – “Патриоттар уақыты” мен “Зере” фильмдері ұсынылды.

Көрсетілімге БАҚ өкілдері, қоғам қайраткерлері, сондай-ақ жергілікті тұрғындар қатысты. Бұл шара Қазақстанның Чехиядағы елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылған. Жиында дипломаттар екіжақты қарым-қатынастарды дамыту үшін мәдениет саласындағы ынтымақтастықты нығайту маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар Қазақстанның Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының өкілдері Чех Республикасының бірқатар продюсерлік компанияларымен өзара ынтымақтастық туралы келісімге келді.