Алматыда ақын Төлеген Жанғалиевтың шығармашылығына арналған кеш өтті

Алматыда ақын, журналист Төлеген Жанғалиевтың шығармашылығына арналған кеш өтті.

Автордың «Маңдайымның жазуы» атты өлеңдер жинағы сахналанған поэзиялық кешке арқау болды. Қоғам қайраткерінің тырнақ алды туындылары 1978 жылдан бастап басылым беттерінде жарияланды. Кейіннен «Жүрегім сөйлеп тұрғанда», «Шыңғыстау шындығы» сынды оннан аса кітабы жарық көрген. Соңғы жинағы Алатау театрындағы кешке арқау болды. Ақын ағамыз осы күнге дейін 50-ден аса шәкірт тәрбиелеген.

Төлеген Жанғалиев, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі:

- Шәкіртсіз ұстаз тұл, дейді. Ал енді шәкіртімен мақтанбайтын ұстазды мен ұстаз деп есептемеймін. Енді шамамыз келгенше тәрбиеледік, жеткіздік. 25 жыл болды шәкірттер тәрбиелегелі. Сол шәкірттерімнің бәрі бас қосып, Төлеген ағамыздың жыр кешін біз Алматыда Алатаудың бауырайында өткіземіз деп ұйғарған екен. Бүгін соны көріп отырмыз.