Жазушы Жайық Бектұровтың туғанына 110 жыл толды

Алаштың асыл тұлғасы Жайық Бектұровтың туғанына биыл 110 жыл.

Осыған орай жазушының кіндік қаны тамған жер Ақкөл қаласыда мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

Жиынға өңір басшылығымен қатар қоғам қайраткерлері, әдебиеттанушылар, жазушылар және журналистер одағының мүшелері қатысты. Шара барысында публицисттің еңбектері талқыланып, жазушы қалдырған өшпес мұраны өскелең ұрпаққа насихаттап, жеткізу жайы айтылды.