Атырауда Республика күніне арналған ақындар айтысы басталды

«Егемендігім – ерен елдігім» атты ақындар айтысына әр өңірден айтулы 16 ақын жиналды. Олар егемендікті жырына арқау етіп, елдікті жырлайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жүйелі сөз жүйріктерінің додасына Мереке Құлкенов, Несіпбек Айтұлы секілді қабырғалы қаламгерлер қазылық етеді. Айтыстың жалпы жүлде қоры – 10 млн теңге.

Шынарбек Қабиев, айтыстың ұйымдастырушысы:

– Айтыстағы ақындардың ой өрісінің кеңуі, олардың шеберлігінің шыңдалуы, сөз еркіндігі берілді. Осы айтыстың арқасында көптеген елдің проблемалары айтылды, жеткізілді. Осы Тәуелсіздікті сақтау, елді бірлікке шақыруда ақындардың ролі жоғары болды.