«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының үздіктер анықталды

Бүгін әр өңірдің ең мерейлі әулеттері Астанаға жиналды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазақстан концерт залында «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының лауреаттарын марапаттау рәсімі өтіп жатыр. Биыл шараға 2500-ден астам отбасы қатысып үздіктер анықталды. Марапаттау рәсімінен арна тілшісі Руслан Бақытбекұлы тікелей байланысқа шықты.