Германияда А.Байтұрсынұлына арналған әдеби кеш өтті

Германияда ұлт ұстазы ұлықталды.

Майндағы Франкфурте Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған әдеби кеш өтті. Шара Қазақстанның Франкфурттегі Бас консулдығының бастамасымен отандық баспамен бірлесіп ұйымдастырылды. Кеш  қонақтарына, қазақтың рухани көсемі атанған Алаш ардақтысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының өмірбаянынан қызықты деректер айтылып, бейнероликтер көрсетілді. Шараға қатысушылар өзара пікір алмасып, ағартушының қазақ тілін дамытудағы рөлін талқылады. 

Ганс Цольман, кәсіпкер:

- Шараға қатысқаныма өте қуаныштымын. Қазақ тілі мен үшін әуен іспетті. Оны естігенде аз да болса түсінетіндей көрінемін. Сіздердің әдебиетіңіз түрлі тілге аударылып, соның арқасында бүкіл әлем Қазақстан жайлы білді. Оның мәдениеті мен дәстүрі, талантты жазушылары мен ақындарымен танысты.