Павлодарда «Дос-Мұқасан» ансамбліне арналған музей бар

Ертіс өңірінде «Дос-Мұқасан» ансамблінің шығармашылығына арналған шағын мұражай бар.

Тұрақты экпозицияда қазақтың «Битлзы» атанып, көпке танылған топ туралы сыр шертетін жәдігерлер, құжаттар мен фотосуреттер сақтаулы. Бірегей экспонаттарды дос-мұқасандықтар мұражайға өздері табыс еткен. Ансамбльдің 55 жылдығына орай шағын музей жаңа кейіпке енді.

Бұл 2008 жылғы бейнежазба. «Дос-Мұқасан» ансамблі Ертіс өңіріне гастрольдік сапармен келіп,  тыңдармандарымен қауышқан кездер. Осыдан кейін е аймақтың зиялы қауымы Павлодар жерінде мұражай ашу бастамасын көтерді. 

Шағын мұражайдың Ертіс өңірінде болуы заңды құбылыс. Себебі 55 жыл бұрын сол кездегі Қазақ политехникалық университетінің студенттері, бүгінде танымал музыканттар Баянауыл жерінде әйгілі «Дос-Мұқасан» тобын құрды. 

Гүлнар Рахымжанова, Торайғыров университеті музей кешенінің директоры:

- Ансамбль тарихы 1967 жылдан  басталады. Интернационалды құрылыс отряды Баянауылға келіп, халықтық шаруашылығ нысандарын салуға кіріседі. Күндердің күнінде жастар музыкалық ансамбль құруды шешеді. Сол сәтте жас өнерпаздар Досым Сүлеев, Мұрат Құсайынов, Хамит Асанбаев және Александр Литвин алғашқы концерт те өткізді.

Сахналық костюмдер, музыкалық аспаптар, концерттік афишалар, фотосуреттер мен құжаттар. Құнды жәдігерлерді қазақ эктсрадасының жұлдыздары өздері табыс еткен. Бүгінде «Дос-Мұқасанның» шығармашылығына қызығатын жас көп.  

Роман Кутбеев, Foundation факультетінің тыңдаушысы:

- «Дос-Мұқасан»  отандық экстрада феномен десе болады. Қайталана бермейтін құбылыс. Біз, жастар ретро әндерді көп тыңдай бермесек те ансамбльдің шығармашылығы туралы көп білеміз. Аталарымыз, апаларымыз әлі күнге дейін тыңдайды.

Мұражайлық экспозицияда жүздеген экспонат көрермен назарына ұсынылған. Олардың бір бөлігі музей кешенінің қорларында сақтаулы.

Ақмарал Есімханова, Марат Игіліков және Жеңіс Темірболат