«Junior Eurovision-2022» байқауына қатысушылар Ереван қаласында баспасөз мәслихатын өткізді

Олар әлемнің түрпір-түкпірінен келген көрермендердің сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өздері жайында баяндады. Ертең жүзден жүйрік анықталар шешуші сәт. Осы ретте халықаралық аламанда біздің елдің атынан сайысқа түсетін жас талап Давид Чарлинді қолдау өте маңызды. Себебі бұл – Қазақстанның атын әлем әйгілі етер бірегей байқау. Жерлесімізге Eurovision.tv сайтына кіру арқылы дауыс беруге болатынын айта кеткіміз келеді. Ал, ақтық сайыс ертең сағат 21:00.ден бастап «Хабар» арнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Жан Мұқанов, продюсер:

- Давид қазіргі уақытта 100 пайыз дайын. Қазір бізге негізі тек қана қолдау керек. Өйткені жыл сайын біз ең жоғарғы 2-орын аламыз. Профессиональный жағынан бізде бәрі дұрыс, жыл сайын дұрыс болып келе жатыр. Бірақ дауыс жағынан кішкене қиындау. Қазақ елі, баршаңыздан өтініш, дауыс беріңіздер.