Кәкімбек Салықовтың туғанына 90 жыл толды

Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ақын, жазушы, композитор Кәкімбек Салықовтың туғанына 90 жыл толуына орай Алматыда бірқатар іс-шара өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алдымен  Кәкімбек Салықов атындағы көшенің ашылу рәсімі өтті. Одан кейін Құрманғазы көшесінің бойындағы бір кездері ақынның өзі тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды. Тақтаның ашылуына қала әкімі Ерболат Досаев пен ақын Олжас Сүлейменов, жазушы Дулат Исабеков секілді зиялы қауым өкілдері қатысты. Одан соң ұлттық кітапханада конференция ұйымдастырылып, Кәкімбек Салықов жәйлі естеліктер айтылды, студенттер ақынның өлеңдерін оқыды.

Майра Салықова, К.Салықовтың қызы:

- Қазір бір ерекше күйде тұрмын деп айтсам болады.  Мынау әкем тұрған үйге ескерткіш тақта ашылды. Бұл жерде  бір кездері Қазақтың небір мықтылары, академиктері тұрған. Әкем көзі тірісінде айтушы еді «мына дүниеде ғана емес, о дүниеде де достарымның арасында болғым келеді» деп. Қазір қарап отырсам осы үйде сол ұлы кісілердің барлығына ескерткіш тақта қойылған екен.