Астанада «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының жеңімпаздары марапатталды

Астанада «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлайды «Хабар 24».  

Гранттар жаңа идеялар мен бастамаларды іске асыру үшін беріледі. Биылғы жылы жастардан мыңнан астам жоба қабылданған еді. Үміткерлердің ішінен ғылым, мәдениет, ақпараттық технологиялар, бизнес, медиа бағыттары бойынша 33 жоба үздік деп танылды. Жеңімпаздарды конкурстық комиссия мүшелері анықтады. Былтыр дәл осындай гранттар 30 жас азаматқа табыс етілген болатын.

Дархан Қыдырәлі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:

- Тәуелсіздігіміздің мерейлі 30 жылдығына орай ел Президенті еліміздің 30 жас азаматына «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын табыс еткен еді. Аталған грант биыл да өз жалғасын тауып отыр. Бүгінгі таңда мемлекет тарапынан жастарды қолдау мақсатында бірқатар сыйақылар мен гранттар жүзеге асырылуда. Солардың бірі Тәуелсіздіктің ұрпақтары грантының мақсаты белсенді, шығармашыл жастар қауымдастығын қалыптастыру бағытында жастардың жаңа және қолданыстағы бастамаларын қолдау.