Қазақстандық жас талант музыкалық байқауда гран-при иеленді
Витебск қаласында өткен XXI Халықаралық балалар музыкалық байқауында қазақстандық жас талант Шерхан Арыстан үздік атанды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Мүмкін болған 140 ұпайдың 140-ын да иеленген өнерпаз гран-при иеленді. Бірінші күні ол әйгілі әншілердің композицияларын шырқады. Одан соң көрермендер мен қазылар алқасын «Молдабайдың әнін» орындап, таңдай қақтырды. Нәтижесінде 12 жасар Шерхан Арыстан Беларусь президенті Александр Лукашенконың қолынан «Витебскідегі Славян базары» халықаралық өнер фестивалінің марапатын алды.
Айта кетерлігі, ән байқауына әлемнің 18 елінен өнерпаздар келіп қатысты.
Шерхан Арыстан, гран-при иегері:
- Күні-түні дайындалдық кейіпке кіру үшін. Студияға келіп, аранжировка жаздық. Ендігі жоспарым – өзімнің авторлық әнімді жазу, сол әнге клип жазу.