Ақмола облысында мәдениет қызметкерлері марапатталды

Ақмола облысында мәдениет қызметкерлерінің күні аясында белгілі тұлғалардың домбыра коллекциясы ұсынылды.

Сонымен қатар жергілікті суретшілердің туындылары мен археологиялық жәдігерлер көрмесі көпшіліктің қызығушылығын тудырды. Өңірде Біржан сал мен Ақан серінің ізін жалғап, ел өнерін алға сүйреген таланаттар аз емес. Солардың бірқатары медаль, грамота, алғыс хаттармен марапатталды. Қазір мәдениет саласында үш мыңнан астам адам жұмыс істейді. Алдағы жылдары облыста бірнеше жаңа мәдени нысандар бой көтермек. 

Айгүл Сәбитова, мәдениет басқармасының басшысы:

- Облыста тоғыз мәдени нысан салу жоспарланып отыр. Одан бөлек алпыстан астам ғимарат күрделі жөндеуден өтеді. Сондай-ақ Астананы агломерациялау бағдарламасы бойынша 12 мәдени нысанның құрылысы басталмақ. Бұл біз үшін жауапты іс, үлкен міндет.