«Жұлдызай» фестивалінің жеңімпазы анықталды
Бүгін Елордада ХІХ республикалық «Жұлдызай» балалар шығармашылығы фестивалінің Гран-при жүлдесін Қызылорда өңірінен келген «Іңкәр» тобы жеңіп алды, деп хабарлайды 24KZ.
Олар ым-ишара арқылы орындау аталымы бойынша «Менің отаным» әнін шырқап, 1 миллион теңгені жеңіп алды.
Жалпы фестивальге 16 жасқа дейінгі ерекше білім беруді қажет ететін 200-ден астам бала қатысқан. Қатысушылар вокал, хореография, әндерді аспаптық және ым-ишарамен орындау аталымдары бойынша бақ сынады.
Әлия Базанова, топ жетекшісі:
- Осы «Жұлдызай» фестиваліне біз 20 жылдан бері қатысып келе жатырмыз. Бұған дейін талай I-II орындарды алып жүрміз. I орын алып, осы Жұлдызай фестивалінің көмегімен Түркия қаласына да барған болатынбыз. Биыл енді I орындар арасында осындай бас жүлдеге таласқа түстік. Оны жеңіп алып тұрмыз. Өте қуаныштымыз.