Сарайшықта археологиялық жұмыстар басталды
Сарайшық ауылы тасқыннан археологиялық орындарын аман сақтап қалды, деп хабарлайды 24kz.
Қазір тарихи орында қазба жұмыстары басталып кеткен. Жайық жағасындағы зерттеу жұмыстарын Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінен 18, Батыс Қазақстан облысы университетінен 22 студент, Сарайшық музейінен 3 археолог жүргізіп жатыр. Қазба жұмыстары шілдеге дейін жалғасады.
Еске сала кетейік, Сарайшық ауылдық округі бойынша 13,6 шақырым бөгет соғылған.
Жанат Кенжеғалиева, Сарайшық ауылдық округінің әкімі:
- Бұл – бүкіл Қазақстанға әйгілі Сарайшықтың қазба орталығы. Әскери мекемелер мен ауыл тұрғындары - бәріміз қолдан келгенше бөгеттер соғып, судан аман сақтап қалдық. Қазір студенттер, археологтар бәрі осы жерде қазба жұмыстарын жасап жатыр.