Мәртебелі меймандар концерттік бағдарламаны тамашалады
ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Астанаға келген бірқатар мемлекеттің басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілері кешкі ас форматындағы концерттік бағдарламаны тамашалады, деп хабарлайды 24kz.
Президент орталығында өткен бейресми жиын барысында мәртебелі меймандарға қазақ халқының бай музыкалық мұрасы мен мәдениеті таныстырылып, «Достық жолы» хореографиялық композициясы ұсынылды. Қойылымға Ұлы Жібек жолы бойындағы халықтардың мәдениеті арқау болған. Сонымен қатар концерттік бағдарлама аясында ШЫҰ-ға мүше елдер халықтарының әндері мен билері орындалды. Саммит қатысушылары мен елорда қонақтарының құрметіне отшашу ұйымдастырылды.