Димаштың концертіне 50 елден 9 мыңнан астам көрермен қатысады

Димаш Құдайбергеннің Астанадағы STRANGER жеке концерті көпшіліктің сұранысы бойынша 2 күнге созылып, 13-14 қыркүйекте өтетін болды.

Бұл туралы әншінің концертін ұйымдастырушылар хабарлады. Концертке жауапты мамандардың айтуынша Азия, Еуропа, Африка, Солтүстік және Оңтүстік Американың 50 елінен 9 мыңнан астам көрермен қатысады.