Астанадағы «Бозоқ» музей-қорығында этнофестиваль өтті
Астанадағы «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында этнофестиваль өтті, деп хабарлайды 24kz.
Шарада қазақтың көне ғұрыптарының бірі «Шолпы тағу» рәсімі көрсетілді. Осылайша, ұлттық мәдениетіміздің бір бөлігі саналатын қазақтың дәстүрлі әшекейі көпшілікке дәріптелді. Шолпы тағу рәсіміне ғылым, білім, мәдениет және өнер қайраткерлері қатысып, 10 жасөспірім қызға ұлттық әшекейімізді тақты.
«Көне ғұрпымыздың бұлай таныстырылуы сала майталмандарының тәжірибесі мен жүріп өткен жолы кейінгі ұрпаққа дарысын деген ниетпен ойластырылды», - дейді шара ұйымдастырушылары.
Айнагүл Ғаниева, «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының жетекші ғылыми қызметкері:
- Қазақ халқында шаш бір киелі, сиқырлы деуге болады, қасиетке ие. Сондықтан біздің ата-бабаларымыз шаштарын кішкене жабыңқырап, шашты жалбыратып жүруге болмайды, түрлі әшекейлермен әшекейлеген. Осындай салттарды қазір біз қайтадан дамытып, танытып халыққа, қайтадан өзіміздің дәстүрлі тәрбиемізге оралғымыз келеді және соны насихаттаудамыз.