Түркияда Абай күні атап өтілді

Ұлы ойшыл Абайды әсіресе түрік жұрты ерекше құрметтейді.

Абай Құнанбайұлының Анкара, Ыстамбұл, Анталия, Алания мен Трабзон қалаларында ескерткіші бой көтеріп, бірнеше саябаққа есімі берілген. Сондай-ақ, ақын кітаптары түгел түрік тіліне тәржімаланған. Осы орайда, Анкарада қазақ ағартушысы Абайдың 179 жылдығы атап өтілді. Түркия астанасындағы ақынның ескерткішіне гүл қою рәсімі өтті. Оған еліміздің елшілігі мен Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымы және қала тұрғындары қатысты. Жиналған көпшілік ақын рухына тағзым етті.

Бақытжан Омар, халықаралық Түрксой ұйымындағы Қазақстан өкілі:

- Абай күні бүкіл Қазақстанда ғана емес күллі әлемде тойланып жатыр десек қателеспейміз. Бүгін Анкараның төрінде Кечиөрен ауданында ҚР Түркиядағы елшілігімен халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымы бірігіп, Абай атамызды еске алып, ескерткішіне гүл шоқтарын қойдық. Әлемде Абай атамызға деген құрмет ерекше, білесіздер. Оның ішінде Түркі әлемі Абайдың шығармаларын ерекше сыйлайды.