Түмен облысында Ресей қазақтарының құрылтайы өтті
Ресейдің Түмен облысында жергілікті қазақтардың құрылтайы өтті, деп хабарлайды 24KZ.
Омутинское ауданында ақшаңқан киіз үйлер тігіліп, 11 елді мекеннен делегация жиналды. Сыртта жүрген қандастар осылай жыл сайын бас қосып тұруды игі дәстүрге айналдырған. Биыл да олар бір-бірімен қауышып, мәз-мейрам болды.
Мерекеде ат спортынан түрлі сайыстар өтті. Жорға жарысы, ат арбамен жарыс ұйымдастырылып, бәйге берілді. Балуандар бозкілемде белдесіп, жиналған жұрт бір-бірімен арқан тартысып, білек күшін сынағандар қол күрестіріп, гір тасын көтерді.
Жалпы Түмен облысында 20 мыңнан аса қандасымыз тұрады.
Сауалнама:
- Облыстың түкпір-түкпірінен жиналып, көріскенімізге қуаныштымыз. Бұл ұлттық дәстүр ұрпақтан ұрпаққа сақталады деп үміттенеміз.
- Қазақтың салт-дәстүрін келешек ұрпақтарға сақтап, айтып жүреміз. Қазақтың салт-дәстүрлері өте бай.