Елордалық театр әртістері Алматыға барады
24-28 қыркүйек аралығында Максим Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры алматылық көрермендерін қуантпақ.
Елордалық әртістер Островскийдің "Гроза" драмасын, Гогольдің "Женитьба" комедиясын, Эдмон Ростаның "Сирано де Бержерак" романтикалық драмасын, Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұловаға арналған "Әлия" драмасын ұсынады. Айта кетейік, М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры 1899 жылы құрылған. Елдегі ең көне театрлардың бірі.
Айболат Жаудыр, М. Горький атындағы МАОД директоры:
- Бұл сапарға тыңғылықты дайындалудамыз. Жүлделі болған спектакльдерді алып бара жатырмыз. "Гроза" спектаклімен ашыламыз. Режиссері Р.Мақатаев, қазіргі таңда Қазақстандағы үздік режиссерлердің бірі. Оның тағы да "Гоголь. Петербург" спектаклі сол гастрольді жабады.