«Астана Опера» театрында «Ерке сылқым» өзгеше орындалды
Алғаш рет «Ерке сылқым» күйі фортепиано мен виолончельде орындалды, деп хабарлайды 24kz.
«Астана Опера» театрында Мұса Керімбаевтың авторлық өңдеуіндегі Әбдімомын Желдібаевтың композициясын ұсынды. Сондай-ақ пианист Анар Камелиновамен бірігіп, қазақ және шетел классиктерінің шығармаларын орындады. Кеш қонақтары Франц Шуберттің «Арпеджион» сонатасын, Сергей Рахманиновтың «Ария» пьесасын да тамашалады. Концертке шетелдік қонақтар да арнайы келіпті.
Мұса Керімбаев, виолончелист:
- Бұл күзгі кездесу атты музыкалық бағдарламасын біз Анар екеуміз бір айдан бері дайындалып келе жатырмыз. Біз жазда сіздер демалыста жүрген кезде өзіміздің дайындықтарымызды бастап кеттік. Сол шығармамыз пісіп, өз мәпресіне жетіп, сіздерге тыңдатуға уақыты келді деп ойлаймын. Дәл осы қойылым ең бірінші болайын деп тұр. Анар екуміздің орындауымыздағы.