Мамандар: Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің ерекше қорғауға алынуы маңызды
Жалпы елімізде 25 мыңнан астам тарихи-мәдени жәдігер бар. Оның алтауы ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұралар тізіміне енген, деп хабарлайды 24kz.
Ал 12 мыңнан астам нысан республикалық және жергілікті маңызы бар ескерткіштер қатарында.
Жалпы ЮНЕСКО Қазақстандағы қандай нысандарға ерекше көңіл бөліп отыр?
ЮНЕСКО тізімінде алты нысан бар. Оның бесеуі табиғи нысандар. Мәселен, Тамғалы тас, Сарыарқа, Жібек жолы, Батыс Тянь-Шань мен Тұран жазығы. Бұлардың бәрі ұлттық парктер, көлдер мен ескі қала орындары. Ал Қожа Ахмет Яссауи кесенесі – тізімдегі жалғыз сәулет өнерінің көрнекті туындысы. «Сондықтан бұл нысанның ерекше қорғауға алынуы маңызды», - дейді мамандар. Осы жөнінде ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ҚР комиссиясының өкілін тыңдап көрейік.
Бақберген Қойшыбаев, ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі қр комиссиясы бас хатшысының орынбасары:
- Бұл ескерткішті тек қана түрлі қауіптерден қорғау ғана емес. Мемлекет тарихи жәдігерді тұрақты түрде жаңғыртып, тиісті күтім көрсетеді деген сөз. Сонымен қатар күшейтілген күзет жүйесі іске қосылады. Яғни, бейнебақылау камералары арқылы бүлінудің алдын алуға мүмкіндік бар. Осылайша, еліміз үшін, әлем үшін маңызды мәдени нысанның сақталуына жағдай жасалады.
Мамандар осындай шаралар теңдессіз тарихи жәдігеріміздің халықаралық аренадағы статусын да көтереді деп отыр. Осылайша, елімізге туристердің қызығушылығы артып, келушілер көбейеді деген болжам бар.
Марат Башимов, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты:
- Мемлекеттер басқа қарасаңыз, Өзбекстанға өзінің осындай комплектерін ЮНЕСКО-ға кіріп тұрған қорғайды. Біз де мемлекеттің шешімі бойынша бар жағынан да қорғап отырамыз. Көңілімізді өзіміз сонда бөлдік. Енді туризмді дамытамыз, халықтың имандылығы да жоғары деңгейге көтеріледі.