Ақмола облысында мәдениет үйлері жөнделіп жатыр

Ақмола облысында 7 мәдениет ошағының құрылысы жүріп жатыр.

Барлығы да шалғай жатқан ауылдарда салынуда. Құрылыс жұмыстарына бюджеттен 4,5 млрд.теңге бөлінді. Бұдан бөлек, ескірген мәденит үйлері жаңғыртылуда. Биылдың өзінде 15 өнер ошағына жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Приречное ауылындағы мәдениет үйі 50 жыл бұрын салынған. «Ескі ғимарат қыста суық болатын», - дейді ауыл тұрғындары. Биыл нысанның сырты қапталып, жылу жүйесі толық ауыстырылды. Оған жергілікті бюджеттен 30 миллион теңге бөлінді. Ал, құрылыс жұмыстары бірер күнде аяқталады.

Лидия Шмидт, Приречное ауылының тұрғыны:

- Мәдениет ошағымыз бұрын өте ескі, іші қараңғы болатын. Жөндеу жұмыстарынан кейін жаңарып, жақсы болып қалды. Өте қуаныштымыз. Балаларым осы мәдениет ошағындағы түрлі үйірмелерге қатысып, мерекелік кештерде өнер көрсетеді.

Мәдениет үйін ауылдық дегенмен жабдықталуы қаладағыдан кем емес. Өнер ордасында көптеген шығармашылық ұжым мен үйірмелер жұмыс істейді.

Аслан Есенгелдин, Приречное ауылдық клубының меңгерушісі:

- Қазір бізде шамамен алтын үйірме бар. Оның екеуі ән үйірмесі. Оған балалармен қатар, егде жастағы ауыл тұрғындары да қатысады. Алдағы уақытта би үйірмесін де ашу жоспар да бар.

Қазір аймақта 15 шақты мәдениет нысаны жөндеуді қажет етеді. Оларды алдағы жылдары жаңарту көзделіп отыр. Ал сала мамандары қазір келесі жылдың жоспарын әзірлеп жатыр.

Айгүл Сәбитова, облыстық мәдениет басқармасының басшысы:

- 2025 жылы 74 жобаға ұсыныс беріп жатырмыз. Негізі 22,5 млрд теңгеге. Оның ішінде құрылысы да бар, жөндеуі де бар және күрделі жұмыстар.

Жалпы 2027 жылғы дейін аймақта 16 мәдениет нысан саланды. Бұдан бөлек ондаған мәдениет ошағы жөндеуден өтеді. Осылайша өңірдегі тозығы жеткен ғимаратарды кезең кезеңмен қалпына келтіру көзделіп отыр.

Абзал Азаматұлы, Евгений Шинкаренко