Астана Операға бір жылда 90 мың көрермен келген

Астана Опера театры Мәскеу қаласына гастрольдік сапармен барып, «Музыканы көру» халықаралық фестиваліне қатысады.

Онда ұлттық операның жауһары – Абай шығармасы шырқалады. Сондай-ақ отандық өнерпаздар алда шет ел сахналарында өнер көрсетеді.

Шернияз Жалғасбекұлы, тілші:

- Театр – хас сұлудың көз жасындай мөлдір өнер.  Заманның заңғар жазушысы Ғабит Мүсірепов осылай дейді. Кепиетті өнердің қасиетін ардақтап, талғампаз көрерменнің жүкрек түкпірінен орын тепкен Астана опера театрына келдік. Биыл өнер ұжымы 12 маусымының шымылдырығын түрді.

Өткен маусымда өнер ұжымы өз көрермендерімен 261 мәрте қауышты. Оның ішінде 54 балет, 59 операны сахналап, 93 рет концерт қойды. Сондай-ақ, камералық залда 16 шағын операны орындады. Бас-аяғы бір жылда 90 мыңнан аса адам театр туындыларын тамашалады.

Еренбақ Тойкенов,  «Астана Опера» театрының режиссері:

- Өткен маусымдағы ең үлкен іс-шаралардың бірі фестивальдің өтуі. Сол фестиваль аясында көптеген опералар көрсетілді. Шетелден шақырылған меймандар болды. музыканттар болды жәнеде гастрольдік сапарлар болды. Балет труппасы Дубайда болды. Биылғы маусымда да балет труппасы спектаклін апармақ.

Ал биылғы маусым «Қаһарлы Орландо» операсының премьерасымен ашылды. Италиялық композитордың тырнақ алды туындысы Қазақстан сахнасында алғаш рет шырқалды. Сондай-ақ, өнер ұжымы жыл саңынан дейін Сыдық Мұхамеджановтың «Айсұлу» операсын көпшілік назарына ұсынуға ниетті.

Руслан Баймурзин, «Астана Опера» театрының дирижері:

- Атақты италиялық композитор Антонио Вивальдидің неистовый орландо операсы қойылды. Премьерасы болды, негізі осы опера Қазақстанда бірінші рет қойылып жатқан опера. Барокко кезінде жазылған опера. Өте күрделі техникалық тұрғыдан. Өте оңайға соқпаған.

Театр туындылары шет елдік сахналарда да сомдалып, әлемдік сарапшылардан оң баға алып жүр. Мәселен, «Астана Опера» труппасы қазан айының 16-ы күні Мәскеуде өтетін «Музыканы көру» халықаралық фестивалінің қатысады. Онда ұлттық операның жауһары «Абай» шығармасын орындайды.

Авторы: Шернияз Жалғасбекұлы