Астанада әйгілі суретші Максим Кантордың көрмесі ашылды

Астанада әлемге әйгілі суретші, жазушы Максим Кантордың «Құштарлық» атты жеке көрмесі ашылды, деп хабарлайды 24KZ. Онда «Вавилон мұнарасы», «Айқастырылған жүріс», «Қасиетті Антонийдің азғырылуы» секілді танымал туындылары бар.

Автор тек кескіндемеші емес, график ретінде де жұмыс істейді. Оның портреттері мен пейзаждарынан жиі көрсетілетін көркем каллиграфиялық қолтаңбасын зерттеуге болады. Суретшінің шығармашылығы Қазақстанда екінші мәрте көрермен назарына ұсынылып отыр. Көрме 9 желтоқсанға дейін жалғасады.

Максим Кантор, суретші:

- Мұнда менің 40-тан астам туындым қойылған. Әр еңбегім Еуропаның әр елінде жарық көрді. Шығармашылығымды Орталық Азияда, соның ішінде өнерді бағалайтын Қазақстанға таныстыру мен үшін өте маңызды. Себебі осында біраз жанкүйерім, оқырманым бар.