Б. Соқпақбаевтың 100 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтті

Парижде ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде белгілі жазушы, қазақ балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығы аталып өтті, деп хабарлайды 24KZ.

Іс-шара Қазақстанның Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылды. Конференцияға қатысушылардың айтуынша, арада 70 жыл өтсе де, қаламгердің «Менің атым Қожа» туындысы, әлі де өзектілігін жоғалтпаған. Мерейтой жазушы шығармасының француз тіліне аударылған нұсқасының тұсаукесеріне орайластырылды. Кітап жақын арада Францияда сатылымға шығады.

Ив Готье, жазушы-аудармашы:

- Менің ойымша, бұл кітап Орталық Азия әлемімен, Шығыс мәдениетімен жақынырақ танысу жағынан жыл өткен сайын ересектерге қызығырақ бола түседі. Жалпы кез келген балалар кітабы ересектерге де арналған кезде табысты болады. Әлемдік әдебиетте бұған мысал көп. Соның бірі – Сент-Экзюперидің кішкентай ханзадасы.