Ақын Несіпбек Айтұлын еске алуға арналған бильярдтан республикалық турнир өтті
Елордада еліміздің көрнекті ақыны Несіпбек Айтұлын еске алуға арналған бильярдтан республикалық әуесқой турнир өтті.
Жарысқа қырыққа жуық адам қатысты. Олардың қатарында танымал отандық жазушылар, Жжзушылар одағының мүшелері мен зиялы қауым өкілдері бар. Сайыс жеңімпаздары бағалы сыйлықтарға ие болды. Оған қоса, турнир аясында екі өлеңдер жинағының тұсауы кесілді. Оның бірі белгілі геолог-ғалым Қаныш Сәтбаевқа арналған. Салтанатты шара академиктің туғанына 125 жыл толуына орайластырылды. Несіпбек Айтұлының 1974 жылы шыққан алғашқы өлеңдер жинағын тіпті біртуар ақын Мұқағали Мақатаев та оқыған. Оның өлеңдеріндегі әндер Қазақстаннан бөлек шет мемлекеттерде де танымал.
Алтынбек Нұхұлы, «Сәтбаев халықаралық қоры» ҚҚ Қамқоршылық кеңесінің төрағасы:
- Есағаңның өмірден өткеніне бір жылдан асты. Еңбектері мәңгі өшпес дүние болып қалды. 41 поэма жазған кісі. Соның бірі осы Қаныш Сәтпаевқа арналған поэма.