Ыстамбұлда «Хан Сұлтан. Алтын Орда» операсы сахналанады
Ыстамбұлда бүгін Хамит Шанғалиевтің «Хан Сұлтан. Алтын Орда» атты туындысының шетелдегі премьерасы өтеді.
Қойылымды сахналауға танымал итальян режиссері Давиде Ливерморе шақырылып, шетелдік тарихшылар жұмылдырылған. Туындыда Алтын Орда тарихы мен хандықтың құрылуы кезіндегі әйелдің рөлі бейнеленеді. Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған Абай атындағы Қазақтың ұлттық опера және балет театрының қойылымы Жошы ұлысының 800 жылдығына орайластырылған.
Меруерт Қанағат, меншікті тілші:
- «Хан Сұлтан. Алтын Орда» атты опера туындысы Ыстамбұлдың қақ ортасында орналасқан Ататүрік мәдениет орталығында саханаланады. Тарихи драманың бұл жерде өтуі бекер емес. Өйткені Таксимде орналасқан бұл орын- Түркияның өнер ордасы саналады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, билеттер 5 күн ішінде сатылып кеткен. Ал алғаш рет түрік сахнасында ұсынылып отырған бұл туындының мақсаты түркітілдес бауырлас елдерге ортақ тағылымы мол тарих пен баға жетпес мәдени мұраны әлемге таныстыру.
Болат Букенов, опера труппасының көркемдік жетекшісі:
-Хан Сұлтан операсы кездейсоқтық емес. Ол үлкен опера. Үлкен жанр және де оны әлемдік деңгейде Алтын Орданы зерттеп дүрген тарихшылармен ақылдаса келе олардың ақыл кеңесін сұрай келе мына жері дұрыс па мына жері бұрыс па деген сияқты Хан Сұлтан операсын жасадық. Оның алғашқы премьерасы Алматыда қойылды. Абай атындағы ұлттық опера және балет театры үш күн лық толы болды.
Ильяс Кемалоглұ, Мармара Университетінің профессоры:
-Бүкіл ғылыми өмірімді Алтын Орда тарихына арнаған оқытушымын. 10-нан астам еңбектерім бар. Әрине бұл кітаптарды оқитын аудитория шектеулі. Опералық қойылыммен Алтын Орданы бұдан да көп көрермен тамашалайды. Бұл Алтын Орданы тек түркі дүниесіне емес күллі әлемгетанытатын баға жеспес еңбек.
Қойылым алдында БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз отырысы өтті. Айтулы жиында, операға арқау болған Хан Сұлтан мен Алтын Орда жайлы сөз болды. Операда Шыңғыс ханның мұсылман әлемінің үлкен мәдениет ошағы болған, түркілердің үлкен саяси бірлестігі Хорезмшах мемлекетін жаулау кезеңінен бастап Алтын Орданың алғаш қалыптаса бастаған кезге дейінгі уақыт сахналанады. Түркі жұртындағы әйел бейнесі мен Хан Сұлтанның тарих сахнасындағы рөлі бейнеленген.
Зарина Алтынбаева, опера әншісі:
- Бауырлас Түркия елінің сахнасында өнер көрсету мен үшін үлкен мәртебе. Тарихымыз, тіліміз бен қанымыз бір.
Айнұр Көпбасарова, идея авторы:
- Жаңа опера. Заманауи опера. Бұл тек қазақ аудиториясына емес халықаралық деңгейге шығару үшін жасалған опера. Бұл жерде біз қазақ даласының, Ұлы даланың, Мәңгілік елдің, ата- бабаларымыздың қалдырған үлкен мұрасының көрінісі ретінде елге таныстыру мақсатында жасалған дүние. Бұл жерде бәрі жаңаша. Жаңа музыка. Жаңа қойылым. Сценографиясы да өзгеше.
Екі бөлімнен тұратын тарихи драманың композиторы Хамит Шаңғалиев, дирижер-қоюшысы Нұржан Байбосынов. Жас композитордың айтуынша, бұл классикалық және заманауи музыканың синтезі секілді әртүрлі жанрдағы әуенді біріктірген өзгеше туынды.
Хамит Шаңғалиев, тарихи драманың композиторы:
- Мен өзім заманауи, қазіргі заманның компощиторы болғандықтан заманаци технолгияларды қолданамын. Өйткені отырған студиямның өзі заманауи құрылғылармее жабдықталған. Заманауи инттелектті қолдандым. Өйткені алғашқы операм болғандықтан сұрақтарым көп болды.
«Хан Сұлтан. Алтын Орда» операсына арнайы 173 сахналық костюм тігілген. Сонымен қатар солистер, оркестр, хор, балет топтары және тағы басқа қатысушыларды қоса есептегенде Анадолы жерінде 200-ге жуық өнерпаз сахнада бас қосады.
Меруерт Қанағат