Абайлаңыз, импорт! Астық кептіргіш құрылғылар

infocall.bg

Қазақстанның астықты аймақтарында егін жинау науқаны қызу жүріп жатыр. Биыл ауыл шаруашылығының егін алқаптары шамамен 22 млн гектар жерді алса, оның 12 гектарына бидай егілген. Дәнді өндіру қызметінде науқанды жинап алу ауқымды жұмыстың басы ғана. Дайын өнімді алмас бұрын шаруалар көп тер төгеді. Себебі бидайдан сапалы шикізат алу үшін оның дұрыс кептірілуіне де аса мән берген жөн. Ұнның сапалы болуы осыған байланысты. Ендеше бидай дәнін қандай амалдармен кептіреді? Оны қалай сақтайды? Дән кептіргіш құрылғылардың қандай түрлері бар?