Қазақстанда жасалған. Полиция қызметкерлеріне арналған киім

Халқына күні-түні аянбай қызмет етіп жүрген тәртіп сақшыларының киімі ыңғайлы және талапқа сай болуы тиіс. Басқа азаматтық киімнен ол бірінші кезекте өзінің функционалдығымен әрі төзімділігімен ерекшеленеді. Әскерилердің киімі төтенше жағдайда киюге арналғандықтан, адамның жүріс-тұрысын шектемейтіндей болуы керек. Ендеше отандық полиция қызметкерлеріне арналған киім қалай жасалады?